Балқаштық қыздар және ұлдар құрамасы баскетболдан облыс чемпионы атанды

Балқаштық қыздар және ұлдар құрамасы баскетболдан облыс чемпионы атанды. Қарағандыда өткен біріншілікке БЖСМ-нен  4 команда барып, бәріде бірінші орынға ие болды. Жарыс 2004 және 2006 жылғы балалар арасында ұйымдастырылды. Сайыста 2004 жылғы балқаштықтар теміртаулықтармен бас жүлдеге таласты. Былтыр жерлестеріміз олардан жеңіліс тапқан болатын. Ал биыл еселерін қайтарды. Ал 2006 жылғы балқаштық баскетболшылар ақтық сында Абаймен құрамасымен кездесіп, 1 ұпай айырмашылығымен жеңіп шықты. Балқаштық қыздар құрамасыда тура осындай  жетістікке жетті. Нәтижесінде 9 ұл 12 қыз облыс командасына қабылданды. Енді олар 17 наурыз күні басталатын  Республикалық Чемпионатқа Қарағанды облысының намысын қорғайды.

Батырхан Тілеукеш-баскетболшы

Майқұдық пен Абай қиын команда болды. Солардың жеңіп, бірінші орын алдық. Мені облысқа алды. Біз үш күннен кейін сол жаққа барамыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать