Балқаштық қыздар Ресейлік әскери оқу орындарына түсе алады

Балқаштық қыздар алғаш рет Ресей еліндегі әскери университеттерге түсе алады. Екі мемлекеттің қорғаныс министірлері өзара келісім жасасты. Осыған байланысты көрші елдегі үш оқу орнында білім алу мүмкіндігі туды. Біріншісі Санкт-Петербург қаласында орналасқан Можайский әскери ғарыш академиясы. Екіншісі медициналық әскери академия.  Үшіншісі Мәскеудегі әскери университет. Бұл білім ордаларына ҰБТ 50 ұпай жинаған, жасы 17-ге толған бірақ  21-ден аспаған орта білімді қыздар түсе алады. Оқу тегін. Сонымен бірге Қазақстандағы әскери институттарға түсуге ниет білдірген жігіттерден құжаттар қабылдау басталды.

Нұржан Аманжолов-Балқаш қаласының қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімнің басшысы:»Талапкерлерден құжат қабылдау, оларды іріктеу қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жүргізіледі. Әрі қарай барлық құжаты Алматыға арнайы комиссияға жібереміз. Содан кейін талапкерлердің денсаулығы және физикалық дайындығы тексеріледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать