Балқаштықтарды интернет алаяқтары сан соқтырды

Балқашта жыл басынан бері 3 адам интернет алаяқтардан зардап шекті. Бұл ІІБ келіп, арыз жазғандары.  Ал тәртіп сақшыларына жүгінбегендері қаншама. Бәріде арзан бағамен тауар аламыз деп, ақша жіберіп артынша сандарын соғып қалған. 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейін қағылған.

Кристина Вализер күз айында инстаграм арқылы қызына бір емес екі комбинезонға тапсырыс берген. Сатушымен хабарласып,  QIWI-әмиянға  32 мың теңге аударыпты.  Ал ертеңінде саудагердің телефоны сөндірулі, ал әлеуметтік желідегі парақшасы өшірулі болған. Сан соғып қалғанын білсе де, поицияға жүгінбеген.

Кристина Вализер –Балқаш тұрғыны

«Сатушы маған тапсырысыңыз дайын деген жауап жіберді де мені бұғаттап тастады. Арыз айтып ешқайда бармадым. Себебібәрібір оларды таба алмайды.

Деседе, кей тұрғындар ІІБ барып арыз жазады. Жыл басынан бері алаяқтардың арбауына түскен 3 балқаштық полицияға жүгінген. Оның бірі 25 мың теңгеге дәрі-дәрмек алмақ болса, бірі 85 мыңға алтын жүзікке тапсырыс берген. Алайда, ешқайсысына тауар жеткізілмеген.

Мақсат Махметов – криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы

«Алаяқтардың арбауына түспеу үшінтауарды алмай тұрып уақытынан бұрын ақша жібермеңіздер. Қазір сондай жайттар көбейіп кетті. Елдер әлеуметтік желідегі сатушыларға сеніп, ақшаларынан айырылуда.

Мамандардың сөзінше, интернет алаяқтарды табу өте қиын. Өйткені олар үнемі телефондарын, нөмірлерін өзгертеді. Қаскөйлер 1 жылда елді арбау арқылы 15млр дейін табыс табады екен.  Алайда, солардың тек әр үшіншісі ғана жауапқа тартылады. Сол себепті әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берерде, өте сақ болып, тек сенімді сайттармен жұмыс істеу қажет.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *