Балқаштықтарды дәрігер-колопроктолог тексерістен өтуге шақырады

17 наурыз күні кеңестік- диагностикалық орталықта ашық есік күні өтеді. Сол мақсатқа орай балқаштықтарды «колопроктолог» дәрігері тегін тексеріс жүргізетін болды. Сенбі күні кез-келген адам білікті маманға келіп, тік ішекке қатысты барлық ауруларын қаратып алуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін алдын-ала жазылудың, жолдама алудың қажеті жоқ. Тек қана жеке куәліктің болғаны абзал. Қабылдау уақыты таңғы сағат 9-дан түскі 12-ге дейін. Айта өтейік, қазіргі күні тік ішектік қатерлі ісгі 46 балқаштықтан табылды. Оның ішінде 2018жылы 4 тұрғында анықталды.

Нышан Қарабалаев — хирург:»Емханамыздың базасында осы диагностикалық орталықта 227 кабинетте ашық есік күні болады.Бұл күні проктолог дәрігер науқастарды қабылдайды.Бұл ашық есік күнінің жүргізілу себебі тік ішектің қатерлі істерін алдын алу болып табылады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать