Балқаштықтар жарық ақысының қымбаттауын талқылайтын болады

Балқашта жарық ақысы тағыда қымбаттауы мүмкін.Биыл жарық таратушы мекеме тариф бағасын көтермекші ниетте.Сол үшін алдымен халықпен кездесіп, қоғамдық талқылау ұйымдастырмақшы.Оған кез-келген қала тұрғыны қатысып, өз пікірін айта алады.Ал кездесу 6 қыркүйек күні мәдениет сарайындағы үшінші қабаттағы залда өтеді. Басталуы сағат 15.00.Айта  кетейік,электро энергияның бағасы соңғы  рет былтыр өзгерген  болатын.

Азамат Қаржанов –«Қазэнергоцентр»ЖШС коммерциялық диспетчер қызметінің басшысы:«Балқашэнерго мекемесі транспорттық шығынның бағасын көтерді. Соған сәйкес бізде тарифті өзгертуіміз керек. Сондықтан қоғамдық талқылау жүргіземіз. Онда біздің мекеменің, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері сөз сөйлейтін болады. Тек содан кейін бір мәмілеге келіп жарық ақысын өзгертеміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать