Балқаштықтарға суық судың ақшасы қайтарылады

Балқаштықтарға суық судың ақшасы қайтарылады. «Балқаш Су» кәсіпорнына мемлекеттен субсидия бөлінді. Соның арқасында 2018 жылдың жарты жылына қайта есептеу жүргізіледі. Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында суық судың ақысы 40 теңгеге қымбаттап балқаштықтар 1 текше метрге 153 теңгеден төлей бастаған еді. Содан коммуналшылар  мемлекеттік бюджеттен субсидия бөлуін сұрап үкіметке өтініш жазған. Нәтижесінде 40 млн берілді. Бұл ақша 2017 жылдың соңғы екі айында тұрғындар қолданған суық су құнының жартысын төлеуге жұмсалды. Осы жылы республикалық бюджеттен тағы қаражат бөлінген. Сол себепті 2018 жылдың жарты жылына қайта есептеу жүргізіледі.Ол үшін тұрғындарға «Балқаш су» мекемесінің абоненттік бөліміне жүгіну қажет.

Сағым Қайнедин-«Балқаш Су»  КМК директор орынбасары

«2018 жылдың алғашқы 5 айының ақшасы біздің шотымызға келіп түсті. Қазіргі кезде біздің тарапымыздан қайта есептеу жүріп жатыр. Қайта есептеу кезінде түбіртектерінде көрсетілетін болады. Уақытысында ақшаларын төлеп отырған тұтынушылар болса аванс ретінде көрсетіледі қанша сумаға қайта есептеу жүргізілгені. Ал қарызы барлар болса қарызынан шегеріліп, түбіртекте көрсетіледі. Қазіргі кезде 100 млн жуық субсидия түсіп отыр».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *