Балқаштықтар 2 жасар баланың еміне қаржы жинап берді

Онкологиялық  ауруға шалдыққан  2жасар Жәнел Тұрсынханға балқаштықтар 700 мыңнан астам  қаржы жинап берді.Бүлдіршіннің ішкі  құрылысынан  шыққан ісікті алдын-алу үшін жамағат  көмегін аямауда.Мәдениет сарайында  өткен қайырымдылық концертке қатысып,  500 теңге  тұратын 500 билетті  сатып алды.  Одан  250 мың теңге түсті. Және оған қоса дүкен, оқу орындарында қойылған 8 жәшіктен  500 мыңнан артық  ақща жиналды. Барлығы  баланың  шотына   аударылды. Айта кетейік, бүгінгі күні  Жәнел Тұрсынхан анасымен бірге Астана қаласындағы  «Ана мен бала» орталығында ем қабылдап жатыр. Химия-терапияның 5 курсынан  өтті. Ертең  6-шы  басталады.  Тек содан кейін  іштегі ісік  кішірейсе  отандық  дәрігерлер  отаны  өзіміз жасаймыз деп отыр. Бірақ, оған кепілдік  аз. Сол себептен ендігі  үміт Мәскеуліктерде. Алайда,  ол үшін әліде қомақты қаржы қажет.

Саят  Көккөзов- Ж.Тұрсынханның әкесі

«Ертең  химия- терапияның  6-шы курсы  басталады. Содан балам жақсы  өтсе әрі қарай отаның  жайы белгілі болады. Мәскеуге апармақшымыз. Ол үшін  әрине қомақты қаржы қажет. Қазір балқаштықтар қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр. Алғысым шексіз.Барлығына рақмет ».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать