Балқаштық тұрғынның көлігі жанып кетті. Видео

Бүгін түн жарымда көлік өртенді. Санаулы минутта Volkswagen Golf темір тұлпары қаңыраған қаңқаға айналды.

Өрт оқиғасы 10 мөлтек ауданында тіркелді. Түнгі сағат 12-де жүргізуші қонақтан шығады. Қараса көліктің панель жағын көк түтін басқан. Бірден өрт сөндіретін құралын алып, тілсіз жауды өзі ауыздықтамақ болады. Алайда, күші жетпеген соң мамандарға қоңырау шалған. Ал өрт сөндірушілер келгенше темір тұлпардың 4 дөңгелегі атылып,көлік түгел жанып кеткен. Бастысы, жүргізуші дін аман.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері
«Өрт сөндірушілер келген кезде Volkswagen Golf автомаркалы көлік толықтай жанып жатты. Жүргізуші өз күшімен сөндірмек болған.Бірақ сөндіре алмағандықтан өрт сөндірушілерді шақырған.Өрттің себебі алдын-ала болжам бойынша өрттің қысқа тұйықталуы болып табылады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать