Балқаштық түлектер ҰБТ тапсырды

Өткен демалыста Балқаштық түлектер ҰБТ тапсырды. 11 жыл бойы оқыған ойға білім тоқыған 361оқушы мектеп бағдарламасындағы 120 сұраққа жауап берді. Басты сынақты тапсырып шығуға 4 сағатқа жуық уақыт берілді.

Таң ата түлектер мен ата-аналар тестілеу өтетін №7 мектеп гимназиясының алдына жиналды. Бәрінің көңіл күйі көтеріңкі. Әсіресе оқушылардың. Қобалжу, уайымдау, қорқыныш білінбейді. Салтанатты жиналыстан кейін түлектерді кіргізу басталды.

Кіре берісте оқушылар тексерістен өтті. Мамандар балалар өздерімен бірге ұялы телефон секілді байланыс құралдарын алып кірмес үшін метал іздейтін аппараттың көмегіне жүгінді. Деседе, рұқсат етілмеген заттарды алып кіргендер болған жоқ. Бәрінің қолында жеке куәлік, қалам, су және рұқсатнама қағазы. Ал тәртіптің бұзылмауын облыстан келген арнайы комиссия мүшелері бақылап тұрды.

Егер оқушы өзімен бірге байланыс құралын алып кірседе, оны пайдалана алмас еді. Себебі әр кабинеттің жанына байланысты бәсеңдететін құрылғылар қойылған. Қауқары 4G да жетеді. Биыл қалалық тестілеу орталығы осындай 8 су жаңа құрылғымен толыққан.Оған қоса әр аудиторияға жаңадан 30 айпи камера алынды.Оның көмегімен кімнің не істеп отырғанын анық көруге болады.

Стендап:Гүлшат Байтөкешова-тілші

«Бұл камералардың басты ерекшелігі онлайн трансляция жасауға мүмкіндік береді.Биыл  ҰБТ 15 жылдық тарихында Балқашта алғаш рет үйде отырып тестілеудің барысын бақылауға мүмкіндік туды. Ол үшін оқушылардың жақындары www.ivideon.com/tv/map сайтына кірсе жеткілікті. Картадан Балқашты тауып, қалаған аудиториясын ашып көре алады.

Түлектер аудиторияларға жіберілгеннен кейін ата-аналар мен оқытушылар күту залына жайғасты. Бәрі де балалары үшін қобалжып, сынақтан сүрінбей өтуін тілеп отыр.

Сағат 12 ден бастап тестіні бірінші болып тапсырып шыққандар, сырқта шыға бастады. Түлектер соңғы екі жыл бойы кітаптан бас алмай дайындалған басты сынақтың артта қалғанына қуанышты секілді. Көңіл күйлері көтеріңкі. Оларды құшақтарын айқара ашып, құттықтауын жаудырған жақындары күтіп алды.

Енді тестілеудің нәтижесіне тоқталсақ. Балқаш  бойынша орташа ұпай 74.9пайызды  құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға төмендеген, Ең жоғарғы бал алған №17 мектеп гимназиясының оқушысы Александр Качурин. 140 ұпайдың 125 жинаған. Ал 50 бал ала алмаған мектеп бірушілердің саны -16. Былтырда тура осынша түлек тестіден сүрінген болатын.  Енді олар қайта дайындалып, тамыз айында өз білімдерін тағы  бір сынайды. Тестідегі кейбір сұрақтарға келіспеген 3 оқушы аппеляцияға берген. Алайда, жергілікті комиссия бірде бірінің өтінішін қанағаттандырмады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать