Балқаштық студент монолог оқудан халықаралық жарыста топ жарды. Видео

Балқаштық жас талант Қанат Канафин «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық интернет-сайысында І орынға ие болды. БГТК студенті және С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана жанынан құрылған «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшесі Қанат Әуезовтің «Сөніп-жану» әңгімесінен монолог оқыды. Онлайн байқауға Ресей, Қырғыстан, Монғолия сынды көршілес мемтекеттерден де бақтарын сынағандар болған. Бірақ, жерлесіміз қазылар алқасының көңілінен шығып, халық арасында дауыс көп жинап жеңімпаз атанды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *