Балқаштық әскери қызметкерлер мен құқық саласының мамандары марапатталды

Отан, Борыш, Парыз! 7 мамыр Отан қорғаушылар күнінде балқаштық бір топ әскери қызметкерлер мен құқық саласының мамандары марапатталды. Білікті мамандарды ұлықтау салтанаты мәдениет сарайында өтті.Осылайша ізгі лебізін білдірген қала әкімі бейбіт күннің батырларына ерекше құрметін көрсетті. Абыройлы қызмет атқарып жүрген бір топ азаматтарды сахна төрінде марапаттады. Оның ішінде құқық саласының 6 маманы қала басшылығының құрметіне ие болса, тағы алтауына әкім алғысын жеткізді. Ал еліміздегі бірінші ұшқыш қыз Арнада Ботай «Мәңгілік елдің қыран қызы» атты арнайы марапатқа ие болды. Және де №8 мектептің кадет сыныбының ұстазы Талғат Ерімбетов «Ұлы дала ұландарының ұлағатты ұстазы» атағы иеленді. Сонымен бірге,сән-салтанаты жарасқан жиында Балқаш әскери гарнизонының бір қызметкері сержант атағын иеленіп, 10-ға жуық әскери маман құрмет пен үздіксіз қызмет үшін марапатталды.Сондай-ақ шараға қатысушылар 15 бозбаланы әскерге шығарып салды.
Интершум ауған соғысының ардагерлері шапка кигізеді.

Талғат Ерімбетов-«Ұлы дала ұландарының ұлағатты ұстазы» номинация иегері:«Негізгі мақсатым өсіп келетін жас ұрпақты патриот қылу. Негізгі мақсатым.Сол үшін мен жұмыс жасап жатырмын. 7 жыл болды нақты осы мектепте жұмыс жасап жатқаныма әскери жетекші болып. Алдында заң саласында қызмет еткем».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать