Балқаштық полицейлер тұрғындар арасынан көмекшілер іздеуде

Балқаштықтар  полицейлердің  көмекшісі атана  алады. Өйткені, жергілікті  полиция  қызметіне  қоғамдық  қызметкерлер қажет. Бүгіннен  бастап  ІІБ  қабылдау  жүргізілуде. Бірақ, ниет   білдірушілер  заңмен бекітілген   талаптарға  сай  іріктеледі. Біріншіден  көмекші  18 жастан асуы  керек.   Сотталмаған, наркологиялық  диспансер мен  психиатриялық  бөлімшеде  есепте болмауы тиіс.   Жұмысқа  қабілетті , ақыл-есі  дұрыс  болуы да маңызды. Ал  егер басты  қойылған осы  ережелерге өзіңізді саймын  десеңіз ішкі істер бөліміне  барып,  өтініш  білдірсеңіз болады. Содан   соң полицейлер  30 күннің  ішінде  сіздің  биографияыңызды  тексереді.Егер    одан  мүдірмей өтсеңіз,  қоғамдық көмекші  жұмысына қабылданасыз. Және  сізге  сарбаз   лауазымындағы    арнайы  кәулік  пен төс белгі табысталады.Айта  кетейік,  қазіргі күні    жергілікті  полицияның қоғамдық көмекші  қатарында  22 адам  бар. Оның көбісі  ауған соғысының ардагерлері.

Ержан Разиев— Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары

» Қоғамдық тәртіпке ат салысқан азаматтар   құрмет грамоталарымен және алғыс  хаттармен,ақшалай  сыйақылармен марапатталатын болады. Ол кісілер белгіленген гарфикке байланысты жұмыс атқаратын болады.»

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *