Балқаштық оқушылар өздерін журналист ретінде сынап көрді.

Балқаштық оқушылар өздерін журналист ретінде сынап көрді. Оқушылар сарайында қала мектептері арасында сайыс өтті. Онда оқушылар танымал телебағдарламаларға пародия жасап, жүргізушілік қырларын сынап көрді. Сондай-ақ, шешуші сайыста өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде №15 мектеп-лицейінің балалары Халық Жанерке мен Халық Жанасыл І орынға ие болды. Ал, №8 орта мектеп оқушылары Мүкарам Инабат және Сахабаев Бексұлтан ІІ орынды иеленсе, № 4 орта мектептен келген Карина Максумова мен Батырхан Болатбекұлы ІІІ орынмен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать