Балқаштық мешіт су тасқынынан зардап шеккен ШҚО халқына көмек жинауда

Топан судың астында қалған Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды. Онда тоқтамастан аққан қызыл судан 300 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Ондаған үй су астында қалды. Тұрғындар дүние-мүліктерінен айырылды. Сондықтан қазір зардап шеккендерге барынша көмек көрсетілуде. Соның аясында Балқаш қалалық мешітте қайырымдылық қоры ашылды. Отандастарына қол ұшын созамын деушілер мешітке келіп азық-түлік, киім-кешек, көрпе-жастықтарды өткізсе болады. Немесе ақшалай да көмектесе алады. Діни қызметкерлер 24 сағат бойы жұмыс істеп, барлық заттарды 23 наурызға дейін қабылдайды. Байланыс телефоны — 5-58-99.

Асылхан Түсүпбеков- қалалық мешіттің наиб имамы
«Қандай жағдаймен көмек болсада материалдық, азық-түлік жағдайы болсын көмектерін қабылдаймыз. Қол ұштарын берсе, біз ниеттеміз.Наурыз 23 дейін, 24 сағат бойы қабылдауға біздің мешітіміз ашық. Келіп әр нәрселеріңізді табыстасаңыздар болады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *