Балқаштық кикбоксшылар республикалық чемпионаттан жүлделі оралды

Балқаштық кикбоксшылар жастар арасында өткен республикалық чемпионаттан жүлделі оралды. Жарысқа Қазақастанның түрлі облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 250 спортшы қатысқан. Қарағанды облысының намысын қорғауға 17 кикбоксшы барды. Оның төртеуі – балқаштық. Жерлесіміз Айбат Нұрланұлы шемкенттік қарсыласына есе жіберіп, 51 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ал балқаштық Темірлан Серік 71 келі салмақта ІІІ орынға тұрақтады. Кикбоксшылардың жаттықтырушылары — Дулат Саметов және Жомарт Үсен.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *