Балқаштық каратэшілер облыстық чемпионатта үздік атанды

Балқаштық каратэшілер облыстық чемпионатта үздік атанды. Жерлестеріміз командалық есепте Қарағанды, Теміртау қалаларын артта қалдырып бірінші орын алды. Каратэ-до шотаканнан өткен сайыс ұл мен қыздар арасында ұйымдастырылды. Оған 6 мен 15 жас аралығындағы 100-ге тарта бала қатысып, шығыс жекпе-жегінің екі түрлі бағдарламасы бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде, татами төрінде балқаштық 7 бала алтынды, 8-і күмісті және 12-і қоланы қанағат тұтты. Айта кетейік, жарыстан жаңа ғана босаған балалар маусым айында өтетін халықаралық додаға дайындықтарын бастап кетті.

Владимир Сапрыгин- Облыстық карате-до шотакан федерациясының жетекшісі
«Бұл облыстық жарыста Балқаш қаласының балалары жақсы өнер көрсетті. Бірақта, кемшіліктеріде байқалды. Бірінші кезеңде бірінші орын алғандар, екіншісінде әлсіреп қалып жатты».

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать