Балқаштық дәрігерлер пышақсыз қуықасты безінің қабынуын алып тастауды үйренуде

Балқаштық дәрігерлер пышақсыз қуықасты безінің қабынуын алып тастауды үйренуде. Бүгін облыстың бас урологы келіп, балқаштықтарға шеберлік сағатын өткізді. Ота жаңа құрал-резектоскоп тың көмегімен жасалады.

Жоғары категориялы уролог Серік Жүнүсов осымен үшінші күн орталық аурухананың операция залында ота жасауда. Бүгінгі науқас 65 жастағы балқаштық. Ер адамның қуық асты безінде ісік анықталған. Балқаштық дәрігерлер облыстан келген мамамнның әр қимылын бақылап, білмегенін үйренуде.

Операция жаңа аппарат резектоскоптың көмегімен жасалады. Құрылғы теріні кеспей-ақ қуықасты безін аденомасын алып тастауға мүмкіндік береді. Апаратың түтікшесін несеп жолымен кіргізу арқылы ісік алынады. Мамандардың айтуынша ота кезінде науқас аз қан жоғалтады әрі тез сауығып кетеді.

Серік Жүнүсов – Облыстық аурухананың урология бөлімшесінің меңгерушісі

«Мұндай операцияның науқастар жеңіл көтереді. Ертеңінде ақ орнынан тұрып жүре алады. Ал 5-6 күннен кейін үйіне жібереміз. Бұл жерде тек адамның төменгі бөлігі жансыздандырылады. Яғни науқас өзін есін біліп жатады.

Жаңа апаратты алуға балқаштық аурухана 25 млн теңге жұмсаған. Оның көмегімен Балқашта тағы 5 ота жасалмақ. Ал жақын күндері орталық ауруханада бүйректегі тасты ұсақтайтын  тағы бір жаңа құрылғы пайда болады.

Асқар Махмұтов- орталық аурухананың директоры

« 3 күн бізде мастер-класс өткізілді. 6 науқасқа операция жасалды. Келесі бойынша 4-5 мастер-класс өткізіледі. Сонымен алдын ала айтып кетейін. Жаңадан тағы аппарат келеді. Бүйректегі тастарды майдалап, шығаратын аппарат келеді. Аппарат келгеннен кейін  шағын урорлогия орталығы ашылады».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать