Балқаштық боксшылар республикалық турнирде жеңіске жетті

Балқаштық боксшылар республикалық турнирде жеңіске жетті. Степногорск қаласында өткен жарысқа әр өңірден 13-14 жастағы 250 қатысушы жиналған. Боксшылар 20 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасты. Балқаштан қала намысын қорғауға 10 жерлесіміз барып, бір алтын, бір қола жүлдемен оралды. Бұл кадрда Ерасыл Ермек финалдық кездесуін өткізуде. 56 келі салмақта шаршы алаңға шыққан жерлесіміз астаналық қарсыласын үшінші раундтта нокдаунмен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Оған қоса жерлесіміз турнирдегі мықты боксшы атағына қол жеткізді.

Ерасыл Ермек – республикалық турнир чемпионы:«Осы жарысқа мен бір айдай дайындалдым. Степногорскта өткен жарыста 4 кездесу өткіздім. Оның 4 айқын басымдылықпен жеңдім. Менің соңғы қарсыласым кішкене тәжірибесі аздау болды».

Тағы бір медальды биыл ғана облыс құрамасына енген Манатбек Нұрлат жеңіп алды. 52 келіде жартылай финалға дейін жеткен боксшы Көкшетаудан келген қарсыласына есе жіберіп, қолаға ие болды. Енді екі спортшы да Қызылордада өтетін Қазақстан чемпионатына барады. Қазір басты сайысқа дайындалу үстінде.

Нұрлат Манатбек – республикалық турнир жүлдегері:«Бұл жарыста 3 жекпе-жек өткіздім. Соның екеуінде жеңіске жеттім. Қарсыластарымның бәрі мықты болды. Осы жарысқа тыңғылықты дайындалған».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать