Балқаштық боксшылар облыстық жарыстан жеңіспен оралды

Балқаштық боксшылар Қарағандыда өткен облыстық чемпионаттан жеңіспен оралды. Жарысқа 300-ге жуық спортшы қатысқан. Балқаштан 10 боксшы бағын сынап, оның 6-уы жеңіске жетті. 46 келі салмақтағы Ануар Абитаев, 36 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Ерхан Ақбаев пен 56 келі салмақтағы Ерасыл Ермек және Манатбек Нұрлат 52 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Ал Елжан Жұмашев пен Әділжан Ибраимовтар өз салмақ дәрежелерінде ІІ, ІІІ орынды иеленді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать