Балқаштық боксшы қыз Азия чемпионатына баратын болды

Балқаштық боксшы қыз Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 16 жастағы Балнұр Оқубаева енді Азия чемпионатына барып, ел намысын қорғайды. Павлодар облысының Ақсу қаласында өткен жарыста жерлесіміз 66 келі салмақта 4 жекпе-жек өткізді. Ол Шығыс Қазақстаннан келген алғашқы қарсыласын нокаудпен жеңіп, одан кейін рингкке шыққан Оңтүстік өңірдің 2 боксшысын 3:0 есебімен ұтқан. Алайда финалда 3:2 есебімен Жамбыл облысының спортшысына есе жіберді. Осылайша күміске қол жеткізген Балнұр олимпиялық дайындық орталығына және еліміздің құрамасына қабылданды. Енді ол Азия біріншілігінде Қазақстан намысын қорғайды.

Балнұр Оқубаева – бокстан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері
«Алда Азияға жолдама алған спортшыларды тағы бір сынау үшін жинайды. Мен онда барымды салып, қарсыластарымды жеңуге тырысамын. Азия біріншілігі секілді үлкен жарысқа бару мен үшін үлкен абырой».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать