Балқаштық биші қыз Алуа Төлеухан Түрік елінде жеңіске жетті

Балқаштық биші халықаралық байқауда жеңіске жетті. Өнерпаздар сайысы Түрік елінің Анталия қаласында өтті. Онда 200-ге жуық қатысушы вокал, театр жанры, аспапта ойнау және биден өзара жарысқа түсті. Ветерок ансамблінің тәрбиеленушісі Алуа Төлеухан онда ұлттық қазақ және үнді биін билеген. Әділ қазылар мүшелері жерлесіміздің өнеріне тәнті болып, бірінші орынға лайық деп таныған. Бұл жас өнерпаздың алғашқы жеңісі емес. 7 жастан бастап биге бет бұрған жерлесіміздің қоржынында талай республикалық және халықаралық жүлде бар.

Алуа Төлеухан – халықаралық байқаудың жеңімпазы
«Онда Болгария, Ресей, Түркия мемлекеттерінен келді. Қазылар алқасы менің қазақ биімді қатты ұнатты. Себебі қазақ биі қыз баланың нәзіктігін көрсетеді. Мен қатты қуандым. Себебі бірінші орын алу екінің бірі істей бермейтін жұмыс».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *