Балқаштық атлет Республикалық Чемпионаттың қола жүлдегері атанды

Балқаштық атлет Республикалық Чемпионаттың қола жүлдегері атанды. 14 жастағы Карина Кадырманова Қарағандыда өткен жарыста жеңіске жетті. Елдегі үздіктерді анықтайтын сайысқа түрлі өңірден 400 спортшы жиналған. Ал балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен 4 бала барды. Барлығыда облыс құрамасының сапында өнер көрсетті. Деседе, тек Каринаның бағы жанды десе болады.  Жерлесіміз ұзындыққа секіруде 5 метр 20 см нәтиже көрсетіп үшінші орын алды. Осылайша өз көрсеткішін жаңартты. Ол бұған дейін облыстық чемпионатта 15см кем секірген болатын.

Карина Кадырманова-Жеңіл атлетикадан Республикалық Чемпионаттың қола жүлдегері

«Алғашқыда  5 метр 13 см секірдім. Алайда, кейінгі қарсыластарым менің көрсеткішімнен асып кеткенін көргенде оларды озу үшін барымды салдым. Төртінші рет 5метр 20 см секіріп, үшінші орын алдым».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *