Балқаштың алғашқы академигі Күмісбек Сванқұловты еске алу кеші өтті

Балқаш қаласының алғашқы академигі, эколог Күмісбек Сванқұловтың туғанына биыл 70 жыл. Осы мерейтойға орай бүгін №2кітапханада  еске алу кеші өтті. Бас қосуға ғалымның туыстары, жақындары бірге өскен сыныптастары, достары жиналды. Күмісбек Сыбанқұлов 1948 жылы 15 маусымда Балқаш қаласында дүниеге келген. Мамандығы бойынша-физик. 20 жылдан астам тәжірибесі бар педагог. Көзі тірісінде экология тақырыбын қозғап 40 тан аса мақала жазған. Оның ғылыми еңбектері тек еліміздің ғана емес ТМД басылымдарында жарық көрген. 1995 жылы Балқаш қаласында жас экологтар мектебін құрады. Ал 1996 Күмісбек Сыбанқұлов ғылыми еңбектері үшін «Экология» халықтық академиясының академигі деген атаққа ие болады. Ол бұл атаққа қол жеткізген алғашқы балқаштық. Өкінішке орай физик, эколог, ұстаз сол жылы 48 жасында көз жұмады. Екі жылдан кейін қалалық мәслихаттың шешімі бойынша 32 орамға  академиктің есімі берілген.

Мұрат Сванқұлов-К. Сыбанқұловтың ұлы

 Үлкен ғылыми адам болды. Әкемді 5 курс бітірген кезде жоғалтып алдым 1 майда. Көп нәрсені үйретті. Сабақ жағынан, оқу жағынан, білім жағынан, өнер жағынан.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать