Балқаштық 11 металлург көлік мінді

Балқаш мыс балқыту зауытында көп жыл бойы еңбек етіп, тер төккен 11  балқаштық бүгін су жаңа көлік мінді. Мәдениет сарайында Балқаш мысының 80 жылдығына және мысшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Онда мейрам иелеріне үлкен құрмет көрсетілді. Көп жылғы мінсіз еңбегі үшін 10 адамға еңбек даңқы төс белгісі табысталды. Ал 11 балқаштық жап-жаңа  Lada көлігін мініп қайтты.

Мәдениет сарайы адамға лық толы. Балқаш мыс балқыту зауытының жұмыскерлері, басшылар қауымы, қала жетекшілері бәрі осында. Салтанатты жиын мереке иелерін құттықтаудан басталды. Зауыт басқарып отырған төрағалар, директорлар ақ тілегін арнап, жылы лебізіндерін  білдірді.

Жиын әрі қарай марапаттау рәсімімен жалғасты. Бүгін Инвестициялар және Даму министірлігінің бұйрығымен мыс балқыту цехының слесары-Мақат Арзымбетов «құрметті металлург» атанды. Тағы 3 адам ІІ дәрежелі, 7 адам ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Барлығы да Балқаш мыс балқыту зауытында көп жылдар бойы мінсіз еңбек еткен жандар.

Мақат Арзымбетов — «құрметті металлург» төс белгісінің иегері

«Мен енді мынау мыс балқыту цехында 33 жыл балқытушы болып еңбек етіп келемін. Бұл цехта ыстығын да, жаманын да, жақсысын да көрдік. Еңбегімізді ақтап, құрметтеп жатыр».

Прожигин Геннадий- «III дәрежелі  «Еңбек Даңқы» төс белгісінің иегері

«Мені осы наградаға ұсынған ұжымыма көп рахмет.  Осындай мерекеде медаль алып жатқаныма қуаныштымын». 

Міне ең қуанышты сәт те келіп жетті. Металлургия саласында талай жыл талмай тер төккен 11 балқаштыққа су жаңа көліктің  кілті табысталды.

Бектұрсын Ежебаев өзінің алғашқы көлігіне мінуде.  Су жаңа лада седан енді 58 жастағы металлургтікі. Ол мұндай сыйлыққа мыс балқыту цехында 36 жыл жұмыс істеп қол жеткізді.

Бектұрсын Ежебаев-мыс балқыту цехының балқытушысы

« Көлік алам деп ойланып жүрдік, бірақ сыйлыққа аламын деп ойламадым. 27:26 Өзім жүргіземін. Права жоқ, оқып жатырмын қазір. 1-2 айдан кейін аламын. Сосын өзім жүргіземін».

Кәсіби мерекеде сыйлыққа көлік алған бақытты жандар темір тұлпарларына отбасын отырғызып алып, үйлеріне кетіп барады.

Ғабит Елемесов-жөндеу-құрылыс цехының басшысы

Рахмет, комбинаттың машиналарына. Еңбегімізді елеп жатқандарына. 35 жыл тер төктік. Қуанышты сезімдеміз.

Әбілхайыр Сыдықанов-мыс балқыту цехының балқытушысы

«Нөмір бәрі алынған. Тіркеліп бәрі жасалған. 42 жыл жұмыс істеймін. 73 жылы келген екенмін». 

Балқаш мысының 80 жылдығын және мысшылардың кәсіби  мейрамын тойлау ертең өз жалғасын табады. Желтоқсан көшесінде Ресей және Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Ал биыл қандай әншілер келеді? Оны концертке барып біле аласыздар. Себебі ұйымдастырушылар әртістер тізімін құпияда ұстап отыр.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *