Балқашта жыл басынан бері есірткі тұтынатын 6 адам есепке алынды

Балқашта жыл басынан бері есірткі тұтынатын 6 адам есепке алынды. Олардың жаман әдетке әуестігі жүргізуші куәлігін алу үшін анализ тапсырғанда анықталған. Қазіргі таңда қалалық наркологиялық диспанерде 650 адам есепте тұр. Оның 580 ішімдікке әуес жандар болса, қалғаны нашақорлар. Өткен жылы олардың қатарын 6 адам толықтырған. Ал осы жылы тағы 6 адам тіркеліпті. Барлығыда анаша тұтынушылар. Мамандар жаман әдетке әуес жандарды мамандар жүргізуші куәлігін алу үшін нарко тест тапсырғанда анықтаған.

Гүлназ Жармалинова – облыстық наркологиялық диспансердің Балқаш бөлімі меңгерушісі
«Қазір анаша тұтынатын адамдар көп. Көбінесе жүргізуші куәлігін алу үшін осында келіп нарко тест тапсырғанда анықталып жатады. Біз оларға анализді қайта тапсыруға мүмкіндік береміз. Егер қайта анықталса онда есепке аламыз».

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать