Балқашта желім иіскейтін балалар саны көбейген

Балқашта желім иіскейтін балалар саны көбейген. Жыл басынан бері 9 баланың ата-анасы көмек сұрап наркологиялық диспансерге жүгінген. Ал былтыр мұндай жағдай мүлдем тіркелмепті. Улы иіске әуестенгендердің тоғыз баланың ішінде төрт қыз бала. Балғындардың кішісі 9-да болса ең үлкені 16-да. Ішіндегі сегізі желім иіскесе, бірі карп деп аталатын карбиратор сұйықтығын тұтынған. Мамандар токсикоманияға шалдыққан балалардың әрқайсымен әңгіме жүргізіп, желім иіскеудің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсіндірген.

Гүлназ Жармалинова-облыстық наркологиялық диспансердің Балқаш бөлімі меңгерушісі
«Балалардың айтуы бойынша оларға үлкендер келіп желім иіскеуді ұсынған. Бас тартқандарды қорқытып, мәжбүрлеген. Ал химиялық иіс ол өте улы болып келеді. Баланың нерв жүйесін, өкпесін, бас миын зақымдайды».

Ал баланың таксокоманиямен ауыратынын бірнеше белгілерге қарап білуге болады. Токсикоманияға айналған баланың қимыл — қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болады. Орынсыз күле береді. Жиі иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, сөйлеу мәнері өзгереді, ызақор бола бастайды. Ал таңертең басы ауырып, құсуы мүмкін. Мұндай жағдайда мамандар ата-аналарға наркологтың көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Гүлназ Жармалинова-облыстық наркологиялық диспансердің Балқаш бөлімі меңгерушісі
«Егер ата-ана баласының желім немесе басқа зат иіскеп жүргенін білсе, бірден ұрса жөнелдің қажеті жоқ. Ақылмен оның қаншалықты зиян екенін түсіндіру қажет. Керек жағдайда бізге келіп наркологтардан кеңес алса болады».

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *