Балқашта жеңіл көлік адамдармен бірге суға батып кетті

Балқашта Техснаб кентінің аймағындағы жылы ағысқа көлік батып кетті.  Жигулидің ішінде жүргізушімен бірге 3 жолаушы болған. Абырой болғанда бәрі дін аман. Тек көлікті каналдан шығару қиынға соқты. Куәгерлер бұл сәтті видеоға түсіріп, біздің редакциямызға жіберген.

Кадрда жигулиді құтқару операциясы жүріп жатыр. Көлік жүргізушімен және 3 жолаушымен бірге су астына кеткен. Автомобиль иесінің айтуынша кеше әйелімен және көлікті сатып алуға келген 2 жігітпен жылы ағысқа барған. Рөлге өзі емес сатып алушы отырыпты. Содан каналға жеткенде жүргізуші артқа жүрем деп көлікпен көлікпен бірге суға түсіп кеткен. Ішіндегі адамдар сыртқа әзер шығыпты.

Жигули сыртқа жүк тиегіш көліктің көмегімен сыртқа шығарылды. Құтқару жұмыстарына ағыс кедергі келтірген. Деседе, бірнеше талпыныстан кейін автомобиль жағаға көтерілді. Дер кезінде тоқтақпағанда, алдында тұрған иномаркаға соғылар еді.

Қазір көлік аулада тұр. Иесінің айтуынша оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Енді ол жигулиді сатып алмақ болып, суға батырған сатып алушылардан ақшасын талап етпек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать