Балқашта жастарды күзгі әскерге шақыру басталды

Балқашта жастарды күзгі әскерге шақыру басталды. Қала бойынша 2000 мыңға жуық балқаштық қалалық қорғаныс бөлімінде желтоқсан айының соңына дейін медициналық тексерістен өтеді. Сарбаз атану үшін бозбалаларға қойылатын талаптардың бастысы денінің саулығы.  Бұл бәрімізге белгілі.  Ал жарамды деп танылғандар 1 аптадан кейін отан алдындағы міндетін өтеуге аттанады.

Бүгін әскерге шақыру науқанының бірінші күні. Бүгінге шақырту қағазын алған 50 балқаштық осында жиналған. Бәрі дәрігерге қаралу үшін өз кезегін күтіп тұр. Денсаулықтары жарамды болса 1 жылға үйден жыраққа кетіп отан алдындағы міндетін өтейді. Әскерге баруға өздері де құлшыныс танытып отыр.

 « Баруға дайынмын. Отан алдындағы борышымды өтеуге, ант қабылдауға дайынмын.

«военный билет деген кімге болмасын керек қой. Жұмысқа тұру үшін. Военный билет алып, органға жұмысқа кірсем деген ойым бар.

Медициналық тексерістен сүрінбей өткендер, 1 аптадан кейін шекара қызметіне аттанады. Онда балқаштан 40 адам жіберу көзделген. Одан кейінгі кезекте мемлекеттік күзет қызметі. Бұл жерде талап жоғары. Бойы 182см ден басталатын, денсаулығында бір мін жоқ  3 азамат қана қабылданады. Әрі қарай қарулы күштер және Ұлттық Гвардияға іріктеу жүргізіледі.

Бижан Мағауин-келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерден тыс дйындық бойынша бөлім басшысы

«1Денсаулығы 100 пайыз жарамды,  кейінге қалу құқықтары жоқ балалар, оқу, үйленген секілді т.б себептермен заңды кейінге қалу құқығы жоқ балалар әскерге алынады.

Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін созылады. Осы уақыт аралығында шақырту қағазын алған 18 бен 27 жас аралығындағы 2000 ға жуық балқаштық медициналық комиссиядан өтіп, денсаулықтарын тексертеді. Бүгінгі күннің қортындысы бойынша 50 адамның  тек 20 әскерге жарамды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать