Балқашта жас құтқарушылар сайысы өтті

Балқашта жас құтқарушы сайысы өтті. Оқушылар үйіндінің астында және көлге батқан адамдарды құтқарды. Алғашқы көмек көрсету бойынша эмтихан тапсырды.
Команда берілісімен құрамалар тапсырма орындауға асықты. Алғашқы сынақ-судағы адамды құтқару. Ол үшін ескекті қайықпен жапа шегушіге тезірек жетіп, оны жағаға шығару керек. Мұнда шапшаңдық маңызды. Себебі әр секунд, әр минут есептеледі.

Айбек Амангелді – «Дабыл» тобының капитаны
« Өте қызықты өтуде. Мен өз басым команда командирі болып көлде, ескек есумен және бөтелкені көтеріп өнер көрсеттік. Жақсы, біраз дайындалдық. Аса қиындық болған жоқ».

Келесі тапсырмада оқушылар уақытқа өрт сөндірушілердің киімін киіп,белгі берілісімен сумен допты дәл көздеулері тиіс болды. Әр командаға бір мүмкіндіктен берілді.Әрі қарай сценарий бойынша жер сілкініп, үйіндінің астында адам қалады. Оны аман алып шығу үшін қатысушылар қолда бар заттардан зембіл жасап, көмекке асықты. Зардап шегушіні шығарып, ауруханаға жеткізді.

Асылбек Болатов – ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері
«Біз осындай тапсырмалар арқылы жастарды төтенше жағдайларға дайындаймыз. Олар әр түрлі оқиғаға дайын болулары керек. Өздерінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін».

3 сынақтың қорытындысы бойынша №2 Абай атындағы мектеп-лицейі бірінші орын алды. Енді олар облыста қала намысын қорғайды. Ал екінші және үшінші орынды №8, 9 орта мектеп бөлісті. Жеңімпаздарға кубок, медаль және естелік сыйлар табыс етілді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *