Балқашта жас мамандарды жастар практикасына қабылдау басталды

Колледж және университет бітірген түлектер жастар практикасынан өтуде. Меңгерген мамандығы бойынша тәжірибе жинауға биыл 14 жас маман түрлі мекемеге жұмысқа жіберілген. 21 жастағы Гүлсара Батырбек бастауыш сынып мұғалімі. Оқушылар каникулға кеткелі бері олардың құжаттарын түгендеуде. Жас маман 2017 жылы  Балқаш гуманитарлық техникалық колледжін тәмамдаған. Алайда, жұмыс бірден табыла қоймапты. Содан жұмыспен қамту орталығы арқылы қаңтар айында №16 мектепке 6 айға жастар практикасына жіберіледі. Қазір соңғы ай. Осы уақыт ішінде Гүлсара мамандығы бойынша тәжірибе жинап қана қоймай, ай сайын 60 мыңға жуық жалақы алып отырды.

СНХ:Гүлсара Батырбек-«жастар практикасы»  бағдарламасына қатысушы

« Осы практикада өткенімен 6 айдың жүзі болды. Осы жерде жұмыс істеген ұстаздардан көптеген тәжірибе алудамын. Кеңс алып, іс тәжірибе алудамын.Мамандығым өзіме ұнайды.Болашақта осы мамандықты жалғастырамын.

Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығы биыл оқу бітірген колледж, университет түлектерінен құжаттар қабылдауда. Жастар практикасына  мамандығы бойынша әлі жұмыс істемеген, диплом алғанына 3 жыл өтпеген жас мамандар жіберіледі. Биыл жоспар бойынша 35 адам бұл бағдарлама қатысады. Әзірге 20 шақты адам өз құжатын тапсырған.Оның көбісі заңгерер, қаржыгерлер және программистер.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *