Балқашта «Жас қанат» байқауының жеңімпаздары анықталды

Балқашта «Жас қанат 2018»  байқауы  өз мәресіне  жетті. Дәстүрлі  додаға   17 әнші мен   5   шоу- жүргізуші қатысып, сахна төрінде  өнерлерін көрсетті.  Қатысушылар  екі сағат бойы   қазылар мен көрерменнің  көңілінен шығуға тырысты.  Талап  бойынша  алдымен әншілер Астана  қаласының  20- жылдығына арнап   әннен  шашу шашты. Екінші  кезеңде сүйікті  шығармаларын  орындады.  Ал   жүргізушілер   концертті   қызықты  өткізуге  тырысып,  ақындық   өнерлерін  паш етті.  Талантты талпындырып,  қанат қақтыратын  байқау  нәтижесінде  Айдана  Ержановаға  бас жүлде  бұйырды.  Және  Айдын  Мұханов пен  Шырайлым  Жүнүсбекова  кештің  үздік   жүргізуші  атақтарын иеленді. Енді  әнші -жерлесіміз  Айдана  Ержанова    облыста Балқаш намысын   қорғайтын болады.

Асхат Игембеков-Мәдени-сауық орталығының музыкалық  жетекшісі

« Қатысушылармызға бір  ай  бұрын тапсырма  бергенбіз. Астана қаласына арналған әндер  өте көп  қой. Бірақ   бір ән   үш-төрт рет айтылған кездер болды.Жүргізушілеріміз де сахна  мәдениетімен  өзін еркін ұстау,  қобалжығандықтан   еркіндік болған жоқ. Сол себептен минустары болды ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать