Балқашта жаяу жүргіншіні қаққан жүргізушіге жүз мың теңге айыппұл салынды

Жаяу жүргіншіні тиісті жолдан өткізбеген жүргізушіге 100 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сот 17 жастағы баланы қағып кеткен көлік иесіне осыдай үкім шығарды. Еске салсақ, оқиға өткен жылдың күзінде болды. Кәмелетке толмаған жеткіншек Ағыбай батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатады.Сол сәтте оны «Мазда»көлігін тізгіндеген жүргізуші келіп қағады. Алайда, артынан өзі тоқтап баланы ауруханаға жеткізген. Тексеріс кезінде оның қатты жарақат алмағаны анықталады. Бұл іс сотқа дейін жетті. 61 жастағы көлік иесі онда өз әрекетін өзін педальдарды шатастырып алуымен түсіндірген. Жапа шегушінің денсаулығына зиян келмегенін ескерген судья, жүргізушіні 96 200 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

Әлия Тейлянова-қалалық мамандандырылған  әкімшілік  соттың судьясы:«Кінәлі азамат   жасаған  ісін мойындады.Бірінші рет  әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.  Соны  ескере  отырыпоған 40 айлық есептік көрсеткішпен   96200 теңге айыппұл салынды.  Сот шешімі күшіне  енді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать