Балқашта үздік орналастыру орындары мен тамақтану мекемелері анықталуда

Балқашта онлайн дауыс беру арқылы ең үздік орналастыру орындары мен тамақтану мекемелерін анықтауда. Таңдау Өркен-медиа кз сайтында жүргізілуде. Қазір қаламызда қонақ үй, демалыс үйлерінің саны 20 дан асқан. Ал тамақ ішуге арналған кафе, мейрамхана  және асханалардың қатары 100 ден асып жығылады. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі халықтың көмегімен солардың арасынан үздіктерді анықтамақ. Жеңімпаздарды тұрғындар онлайн дауыс беру арқылы таңдайды. Елге ең көп ұнаған орналастыру орындары мен тамақтану мекемелері Балқаштың туристік картасына жарияланады. Дауыс беру бүгіннен бастап 2 шілдеге дейін созылады.

Сәния Ермекбай-кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөілімінің кәсіпкерлік сектор меңгерушісі

 Балқаш қаласында  туристік форум өткізуді жоспарлап отырмыз.  Сол форум шеңберінде халықтың пікірінше ең үздік тамақтаны орны және орналасу орнын анықтап диплом, марапат беруді жоспарлап отырмыз. Сол демалыс орны Балқаш қаласының туристік картасына енгізіледі.

 Лучшие кафе, рестораны и гостиницы Балхаша. Онлайн-голосование

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать