Балқашта әуе рейстері қайта іске қосылды

Шаһарда әуе рейсі іске қосылды.Енді Балқаштан Алматыға,Алматыдан Балқашқа ұшақпен ұшып баруға болады. Әуе көлігі мамыр айының кестесіне сәйкес аптасына екі рет қатынайды. Екі қанатты көлік сейсенбі және сенбі күндері Балқаштан сағат 10:35, Алматыдан таңғы сағат 8:40 жолға шығады. Ал билет құны екі бағытқа да 14 мың теңге. Балаларға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Екі жасқа дейінгі бүлдіршіндерге тіптен тегін. Айта кетейік, биыл балқаштықтарға Оңтүстік Қазақстанның «Южное Небо» әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Және жолаушыларды АН-24 ұшағымен тасылмайтын болады.

Айгерім Кәтенова- «Южное Небо» әуе компаниясының өкілі:«Балқаш-Алматы бағытындағы рейстер іске қосылды. Екі сағат бұрын тіркеу басталады. Сондықтан  жолаушылар тіркеуге екі сағат бұрын  келсе  дейміз. Өйткені,  әуежайда  құрылыс  жұмыстары жүріп жатқандықтан   жолаушыларды  күтіп тұра алмаймыз».

Рейстердің  кестесі

    (мамыр  айына  арналған)

Ұшатын күндер Ұшу бағыты Ұшу уақыты Қону бағыты Қону уақыты Билет  құны

(теңге)

Сейсенбі,сенбі Алматы 8:40 Балқаш 10:05 14 000
Сейсенбі,сенбі Балқаш 10:35 Алматы 11:55 14 000

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать