Балқашта түнде көше кезіп жүрген 13 бала ұсталды

Балқашта түнде көше кезіп жүрген балалар полиция назарына ілікті. Мереке күндері түңгі сағат 11-ден кейін қараусыз жүрген 13 жасөспірім ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Осылайша түн жарымда балалардың дала безіп жүрулеріне жол жоқ деген тәртіп сақшылары рейд жұмыстарына белсене кірісті. Ойын –сауық орталықтары мен қоғамдық жерлерді жіті тексеріп жатыр. 5 күндік түңгі жорықтың нәтижесінде 13 студент пен оқушы ұсталды. Олардың кейбірі далада серуендеп жүрміз десе, өзгесі дәмханаларда қолға түсті. Балалардың тәртібіне бағытталған мұндай тексеріс жұмыстары наурыздың соңына дейін жалғасатын болады.

Мария Гиждевская- кәмелетттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор
«Балалардың көбісі қаланың орталық көшелерінен ұсталды. Ішінде былтырда қолға түскендер кездесті.Оларғатек ескерту айтылды. Ал егер биыл тағыда түңгі уақытта далада ұсталса айыппұл салынатын болады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *