Балқашта соңғы жарты жылда 5 көлік өртенген

Балқашта соңғы 6 айда 5 көлік өртенген. Ал жалпы  осы жылы ТЖБ  кезекшілеріне 207 хабарлама түсіпті. Соның 35-і өрт ретінде тіркелген. Ал былтыр 48 жағдай есепке алынған. Қызыл жалын көбінесе түрғын үйлерде тұтанады.  Биыл 27 баспана өртенсе, өткен жылы 28 пәтер отқа оранған. Осы жылы тілсіз жаудан көз жұмғандар жоқ. Десе де 2017 жылы 4 адам өрттің құрбаны болған. Жарақат алушылардың саны осы жылы 1 адам,  ал өткен жылы 5 адам. 2018 — де өрт оқиғасы мен одан зардап шеккендер саны азайғанымен, құтқару шаралары көбейген. Мәселен биыл мамандар 50 адамды құтқарса, былтыр 37 тұрғынды аман алып қалған.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы

«Өрт оқиғасының туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Одан кейінгі кезекте қысқа тоқтың тұйықталуы. Ал өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан осы жылы 1 өрт болды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *