Балқашта ҰОС ардагерлеріне 150 000 теңге төленеді

9 мамыр Жеңіс күніне орай кімдерге бір реттік ақшалай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Тізімнің басына ҰОС ардагерлері мен мүгедектері жайғасқан. Қазір Балқашта 5 майдангердің көзі тірі. Оларға қалалық бюджеттен әрқайсына 150 мың теңгеден бөлінеді. Тыл еңбеккерлері 10 мың теңгеден алса, көз жұмған ҰОС мүгедектерінің әйелдері де осынша сомаға қол жеткізеді. Ерікті жалдамалы құрамның адамдарына да 10 мың теңгеден беру қарастырылған. Жалпы 9 мамыр Жеңіс мекересіне орай 734 адамға бір реттік ақшалай көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 8 млн аса қаржы бөлінді.

9 мамыр-Жеңіс күніне орай төленетін материалдық көмектер:

ҰОС ардагерлері мен мүгедектері- 150 000тг
Тыл еңбеккерлері-10 000тг
көз жұмған ҰОС мүгедектерінің әйелдері -10 000тг
Ерікті жалдамалы құрам адамдары -10 000тг

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать