Балқашта мүмкіндігі шектеулі жандар такси қызметін тегін пайдаланады. Видео

Балқашта мүмкіндігі шектеулі жандар такси қызметін тегін пайдаланады. Алайда, ол үшін ерекше күтімді қажет ететін тұрғындар тіркеуге тұрулары қажет.

Диспетчер Нұргүл Ибраева таңғы сағат 9 дан бастап кешкі 18:00-ге дейін қоңырауға жауап береді. Базаға мүмкіндігі шектеулі 80 тұрғын тіркелген. Көбі аурухана немесе емханаға апарып тастауды сұрайды екен. Ал такси қызметі оларды сұраған жерлеріне тегін жеткізіп тастайды.

Нұргүл Ибраева –инвотакси диспетчері
«Мүмкіндігі шектеулі адамдар 4-19-61 нөмеріне звондап, өздерінің аты-жөнін айтып, қайда баратындарын айтады.  Жүргізушілер егер бос болса, 10 мин ішінде барады. Қажетті орындарына жеткізіп салады».

Қала тұрғыны Светлана Барбелюк бүгін инвотаксимен емханаға бармақшы. Әйел тегін қызметті осымен екінші жыл пайдалануда. Аяғы ауырып көп жүре алмаса да тек алысқа барар кезде ғана көмекке жүгінеді екен.

Светлана Барбелюк – қала тұрғыны
«Көбінесе емханаға барып анализ тапсыратын кезде шақырамын. Көп жүрсем аяғым ауырады. Ал такси өте қолайлы, шыққанша күтіп тұрады».

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инвотакси әлеуметтік жобасы 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. 2017 жылы 5250 рет тегін қызмет көрсеткен. Мұндай көмекті өзге де мүгедектер, ҰОС ардагерлері,  І, ІІ топтағы 18 жасқа дейінгі балалар пайдалана алады. Осы жылы 82 адамнан өтініш қабылданған.

Клара Жакипбаева – мүгедектер қоғамының төрайымы 

«Тұрғындар бізге келіп жеке куәлік пен оның көшірмесін, мүгедек екендігін дәлелдейтін анықтама мен мекен-жайы анықтамасын өткізу керек. Олар бізге келіп, өтініш жазғаннан кейін оларды базаға енгіземіз».

Мүгедектер қоғамында тіркелген тұрғындарды апарып алып келуге арналған 2 көлік бар. ереже бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар айына 4 рет тегін такси шақырта алады. Таңғы 9-дан бастап кешкі 18:00 -ге дейін.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *