Балқашта мұғалімдер арасында волейболдан қалалық турнир басталды

Бүгін мұғалімдер арасында волейболдан қалалық турнир басталды. Жарысқа 12 команда қатысуда. Құрамалар 6 командадан 2 топқа бөлініп, бірі Абай атындағы лицейде, ал бірі оқушылар сарайында ойнады. Алғашқы кездесу №16 мен №17 мектеп арасында өтті. Ойында 17 мектеп командасы қарсыластарын 2:0 есебімен жеңіп шықты.

Жанат Сатыбалдина-№16 мектептің дене шынықтыру мұғалімі
«Бірінші ойында кішкене сасқалақтады. Бір-бірімен көп болды жаттығу жасамағалы. Кішкене әлі бір-бірін түсініп, допты көтеріп беріп, бір-біріне көмек беру жағдайы кішкене қиындау болды. Бірақ ол қателіктерді жояды деп ойлаймын».

Бүгін 12 команда финалға шығатын құрамаларды анықтады. Нәтижесінде бірінші топтан Абай атындағы лицей мен №15 мектеп лицейі суырылып алға шықты. Ал екінші топта №7 мектеп гимназиясы және оқушылар сарайы жеңіске жетті. Турнир жеңімпаздары ертеңгі ақтық ойында белгілі болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать