Балқашта ұлттық домбыра күні аталып өтеді

Сіз  домбыраны  шерту  білесіз  бе? Олай болса 1 шілде  күні «Астана» алаңына  келіп  өнер  көрсетсеңіз болады.Ұлттық домбыра  күніне орай   Балқаш қаласында   осындай  игі шара  ұйымдастырылмақ. Бұл  күні  таңғы  сағат 10-да балқаштықтар  бір уақытта   түрлі  компазицияларды  орындайтын болады. Қатысушылар 40 минут  бойы күмбірлеген  күй тартып, ұлттың  үнін  бойына  сіңірген   домбыраны  жаңғырта  түспек  ниетте.Ал  өнерпаздардың  қатарына  қосылу  үшін   домбыра  ала  келсеңіз  жеткілікті.

Айжан  Нұрбекова-Қалалық  өнер  мектебінің  педагогы

« Осы  іс шараға  барлық   балқаштықтарды  қатысуға  шақырамыз.Сағат 10.00 Астана  алльясында  болады.Міндетті  түрде өздерінің  аспаптарымен, дайын  шығармашаларымен келіп қатысуларына  болады.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать