Балқашта «Кішкентай Ханшайым-2018» байқауы жарияланды

Ең сұлу әрі дарынды ханшайым! Балқашта «Кішкентай Ханшайым-2018» байқауы ұйымдастырылмақ. Ал оған қатысамын дейтін жандардан өтініштерді қабылдау басталды. Сұлу келбеттілер сайысында 7 мен 9 жас аралығындағы қыздар сынға түсе алады. Бірақ, ең сұлу ханшайым шартқа сәйкес анықталады. Яғни, кішкентай қатысушылар өздерін ерекше таныстырып, кішігірім бейнеролик жасаулары тиіс.Әрі қарай шығармашылығын көрерменге паш етулері қажет. Және Астана қаласының 20 жылдығына арналған қолөнер туындысымен халықты таныстырауы керек. Егер бұдан мүлтіксіз өтіп, ең мықтысы атанса басты тәжге ие болады. Сондықтан өтініштер 3-наурызға дейін қабылданады. Айта кету  керек,  бұрын осындай  сайыста бағын сынағандар қатыса алмайды.

Айдана Өміржан- Қалалық мәдени-сауық орталығының әдіскері
«Кішкентай ханшайым -2018 байқауы 5 наурыз күні өткізіледі. Оған өтініштер 3 наурызға дейін қабылданады мәдени-сауық орталығында.Және де үш дәрежелі дипломдармен , бағалы сыйлықтармен марапатталады».

«Кішкентай Ханшайым-2018» қалалық байқауының ережесі

— 7 мен 9 жас аралығында
— кез-келген ұлт өкілі қатыса алады
— Бұрын осындай байқаудың қатысушыларына тыйым салынады

«Кішкентай Ханшайым-2018» қалалық байқауының өту шарты

— өзін-өзі таныстыру ( бейнеролик, өзі жайлы әңгіме)
-шығармашылық кезең ( ән, би және т.б.)
— Қолдан жасалған бұйым ( Астана қаласының 20 жылдығына арналған)

Өтініштер 03.03.2018 жылға дейін  қалалық мәдени-сауық  орталығында қабылданады. Толық ақпарат: 6-00-03

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать