Балқашта келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүргізілуде

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімде келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүргізілуде. Талап бойынша ниет білдірушілер 18 ге толған бірақ 30 дан аспаған, орта білімді және Отан алдындағы міндетін өтеген болуы тиіс. Іріктеу екі кезең бойынша өткізіледі. Бірінші — құжаттарды жинау және медициналық тексеруден өту. Сыннан сүрінбей өткендер Балқаш, Саран, Приозерск қаласындағы әскери бөлімдерге жіберіледі. Ал әскери  қызметші сапына қосылғандар мемлекет тарапынан көптеген қолдауға ие болады. Айта кетсек, қызметтік тегін үй беріледі, өзі және отбасы ақысыз ем алуға мүмкіндік алады. Балалары кезектен тыс балабақшаға орналастырылады.

Нұржан Аманжолов-Балқаш қаласының қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімнің басшысы

«Жас отбасыларға көмек ретінде тұрғын үй жинақ банкі арқылы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Оған қоса 20 жылдан астам қызмет еткендерге жылына бір рет шипажайда тегін демалу мүмкіндігі қарастырылған. Басқада сұрақтар бойынша біздің бөлімге келсе болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать