Балқашта күл-қоқыстың өртенуі жиілеп кетті

Балқашта күл-қоқыстың өртенуі жиілеп кетті. Тазалық маусымы басталысымен күн сайын өрт сөндіруші мамандар қураған шөптер мен үйілген қоқыстарды сөндіруге шығады. Және өрттің көбісі Иванов көшесіндегі саябақ пен көл жағалауында болған. Соның бірі кеше тіркелді. Иванов көшесіндегі саябақта 60 шаршы метр қураған шөптен тілсіз жау тұтанды. Зардап шеккендер жоқ. Ал мамандардың айтуынша, мұндай жағдай өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамағандықтан және қасақана шөпті жағудан болады.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы: «Бұл саябақта өртті қасақана жасаған тұрғын ұсталды. Оның тұрғылықты мекен-жайы жоқ екендігі анықталды.Және ол онда темірді балқытпақ болған көрінеді».

Ал көл жағалауына өрт сөндіруші мамандар үш күнде 4 рет шыққан. Желтоқсан көшесі маңындағы алаңда қурап қалған шөп жиі жануда.Соңғы рет онда 20 шаршы метр жер өртке оранды. Мамандар мұндай жағдай қайталанбас үшін, ондағы күл-қоқысты жинау туралы әкімдікке хат жіберді

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы :«Біз жергілікті атқарушы мекемеге хат жібердік. Өйткені, көл жағалауында сенбілік жүргізу керек. Өрт болмас үшін қураған шөптерді жинап тастап қажет».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *