Балқашта ішкі саясат бөліміне жаңа жас басшы тағайындалды

Бүгін қалалық әкімдікте кадрлық өзгеріс болды.  Ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына 27 жастағы Еркен Беркенов тағайындалды. Енді ол басшылардың ішіндегі ең жасы. Еркен Беркенов еңбек жолын 2012 жылы мемлекеттік мекемеден бастаған. Алдымен ТКШ бөлімінде бас маман міндетін атқарған. Екі жылдан кейін  әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне бас маман ретінде ауысады.  Одан араға екі жыл салып мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау ақпараттық технологияларды дамыту бөлімін басқарды. Бұл лауазымда жарты жыл отырды. Кейін ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі болып қызмет етті. Міне араға бір жарым жыл салып аталмыш бөлімнің басшысы болып тағайындалды. Бүгін қала әкімі жас жетекшіге сәттілік тілеп, үлкен үміт артты.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *