Балқашта хоккейден ең үздік мектеп командасы анықталды

Балқашта  хоккейден мектепаралық   қалалық турнир аяқталды. 12  команда     екі топқа  бөлініп, нөмір  8 бен  2 мектеп-лицей  корттарында   үздік  деген атаққа таласты.

№ 10 мектептің  оқушысы Константин  Останин   үшін бүгінгі ойынның жүгі ауыр. Үш жылдық   тәжірибесі бар  қақпашыға  артылар үміт зор.  Өйткені,   турнир   бойы  10  соққыға қарсы тұрып, соның  5-уін    өткізіп алған ол- үздік  ойыншылардың қатарында. Сондықтан, финалда 8 мектепті  жеңеміз дейді. Оған қоса,  жақсы  ойын  тікелей  қақпашыға байланысты екенін  жақсы түсінеді.

Константин Останин-№10 мектеп командасының қақпашысы

«Ойынның  70 пайызы  қақпашыға байланысты. Сондықтан  әр кезде сақ,шапшаң болу  керек.  Жақсы   дайындық керек».

Мұз айдынындағы  ақтық ойынға  4 команда  суырылып шықты.   Үшінші  орынға  № 7 мектеп-гимназиясы мен №25-ші мектеп таласып, 7-ші  білім  ордасы   қола  жүлдегер атанды. Ал  чемпион атағы 8 бен 10 — мектеп арасында таразыланды.   Нәтижесінде, 15 минуттан  болған екі таймдық ойында   4:1 есебімен  10  мектептің  хоккейшілері  чемпион атанды.

Бахтыбай Қоңыров – бас төреші

» жылда   өткізіліп жүрген хоккей  жарысы  15 күні басталып еді. 22  күні финал  болу керектұғын. Күннің аязды суықтығына  байланысты  ойын  бүгінге  қалдырылды. 7 мектеп пен  25 мектеп   екеуі үшінші, төртінші  орынға ойнап 7 мектеп   3:1 есебімен  үшінші  орынға  шықты».

Осылайша, күннің  суықтығына  қарамастан    оқушылар  мұз үстінде  шеберліктерін  шыңдады.  Қателіктерін түзеп,үйренгендерін ортаға  салды.  Және  де  чемпиондар өзге   үздіктер бағалы  сыйлықтармен марапатталды.  Биылғы  жылдың  қақпашы атағына   Константин  Останин лайық  деп, Еркебұлан Балтабек   үздік  шабылуышы  атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать