Балқашта ең үздік киіз үй анықталды

Балқашта ең үздік киіз үй анықталды. Мерекеге орай ұйымдастырылған байқауға қазақ баспанасын тіккен 15 мекеме қатысты. Олардың әрқайсысы қазақтың салт- дәстүрін насихаттайтын қойылым көрсетіп, ерекшеліктерімен бөлісті.

Бұл кесеге арналған қап. Оны көшпенді халық қоныс аударғанда жиі пайдаланған деседі. Сондықтан оны бүгінгі ұрпаққа көрсету үшін Батима Дүйсембаева арнайы тікті.Бұдан өзге бес саусағынан өнер тамған шебер мерекеге орай сақ патшайымы Томирис пен Астананың 20 жылдығына арнап костюмдерді де дайындап, үлгеріпті.

Батима Дүйсембаева-Балқаш мыс балқыту зауытының кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары: «0042 Кесе қап, шыны ыдыстар болғанда осындай киізден жасалған ыдыс қаптарға салып отырған.Өйткені, біз арба үстіне, түйе үстіне тиелетін болғандықтан осылай жасап отырған».

Ал сайысқа қатысушы келесі киіз үйде қазақтың дәстүрлерінің бірі жаңғырды. Онда көрермен назарына нәрестені қырқынан шығару салты көрсетілді. 40 күнде денесі шираған сәбиді жуындырудың мән -мағынасы айтылды.

Байқауда бақ сынаған 15 мекеме үздік деген атаққа ие болу үшін барын салды. Себебі, ақшаңқан киіз үйлер жай ғана бой көтермей, бір-бірінен ерекшеленуі тиіс.Барынша байырғы дәстүрдің насихатталуы абзал. Осындай қағидаға қазылар алқасы баса назар аударды.

Шайзада Сыздықова – қазылар алқасының төрайымы
« Жыл өткен сайын киіз үйлердің әзірленуі, безендірілуі жылдан жылға артып келе жатыр.Биыл рухани жаңғыруға байланысты сол сияқты Астананың 20 жылдыққа ұйымдастырылып жатқан киіз үйлердің ішкі-сырты ,келбеті көңілімізден шығып жатыр».

Үш сағаттық тексерістен кейін үздік әрі ерекше киіз үй деген атаққа Балқаш медициналық колледжі ие болды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *