Балқашта ең сұлу кішкентай ханшайым анықталды

Бүгін  Балқашта ең кішкентай  сұлу  ханшайым анықталды.  Көгілдір көктеммен  құлыпыра түскен бүлдіршіндер   сұлулықтарын  сахна төрінде  көрсетіп   сынға түсті. Қалың   көрерменге өнерлерін паш етіп,  Астананың 20 жылдығына  арнаған қолөнер туындыларымен  бөлісті.  Әдемлікпен  әсемделген сайысты  тілшіміз  тарқатсын.

Жасыл   түсті  көйлек пен   тастары жалт-жұлт еткен шашқа тағатын әшекей. Бұл 7 жасар   Бағдат Серік  есімді  қатысушының  алғашқы образы.  Нөмір 16 мектептің  бірінші сынып оқушысы  өзін  осылайша таныстырмақшы.  Қазір   сахнадағы  жүріс-тұрысын  қайталып,  жаттығуда.

  Бағдат Серік-  « Кішкентай  Ханшайым -2018»  байқауына  қатысушы

«Мама  екеуміз   көйлек сатып алдық. Шашымды жасадық. Үш күн дайындалдық. Бірінші орын  аламын деп келдім мына жерге.»

Ал өзін-өзі таныстыру  сынның  бірінші  шарты. Онда  7  мен 9 жас аралығындағы  15 қатысушы  көрерменге деген сәлемдерін    өлең  жолдарымен  жеткізді.  Содан  соң  ханшайым  атағына  лайықтылар өнерлерін ортаға салды.   Сыңғырлаған  дауыстарымен әндерін айтып,  мың бұрыла биледі.  Кейін барлық  үміткер   Астанаға арнаған  қолөнер  туындыларын  қазылар алқасына  ұсынды.

Балжан Уәлиева-  «Кішкентай  Ханшайым -2018»  байқауының  қазылар алқасының  мүшесі

 Балаларды  көріп жатырмыз.Әдемі киім киінген.Өйткені қазір заман сондай.Сондықтан ата-ана барын салып  бүгін балаларын алып келді.0449 Бірақта  осындай сайыста  ең көп бал жинаған   бала ұту керек».

Тәжіге таласқан  қыздардың әрқайсысы  ерекше болғандықтан қазылар алғасына үздікті анықтау қиынға  түскені анық. Дей  тұрғанмен  балқаштың  кішкентай  ханшайым  атағы  нөмір  15мектеп-лицейінің  оқушысы  Амина Қошқароваға  табыс етілді.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *