Балқашта донор күні өтеді

Қан тапсырып-донор бол! 26 қыркүйек  күні Балқашта  қан  тапсыру  акциясы ұйымдастырылады. Ол үшін  өңірге облыстан мамандар келмек. Дәрігерлер орталық  ауруханада таңғы  сағат  9.00- ден бастап  кешкі 17.00-ге дейін  донорларды  қабылдайтын  болады. Сонымен  қатар, өзгелерге  өмір  сыйлаумен пара-пар келетін игі шараға қатысқандарға  ақшалай  сыйақы  үлестіріледі. Әрбір  тұрғынға 601 теңгеден  үлестіріліп, екі  күнге  жұмыстан  босатады. Айта  кетейік, шаһарда мұндай акция  соңғы рет  мамыр  айында  өткен  еді. Ол кезде  70-ке  жуық балқаштық қатысып, әрқайсысы 450 мл қан тапсырған болатын.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать