Балқашта «буккроссинг»акциясы басталды

Келіңіздер, кітап алмастырайық!Қаламыздағы орталық кітапхана осындай ұранмен «Буккроссинг»акциясын бастады.Кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы шараға кез-келген тұрғын қатыса алады. Ол үшін оқыған оқулықты орталыққа әкеліп, басқасын алып кетсеңіз болғаны.
Кітап оқығаннан ерекше сезім, күш-қуат аламын дейтін тұрғын- Антонина Мацак. Зейнеткер орталық кітапхананың тұрақты тұтынушысы. Оқырман бүгін «буккроссинг» акциясына қатысып, сөреден бірнеше жыл таппай жүрген оқулығын кездестірді. Енді ол кітапты оқып, балалық шақты еске аламын дейді.

Антонина Мацак – қала тұрғыны:«Бұл кітапты мен 5-6сынып оқып жүргенде оқыған болатынмын. Оны әкем Алматындан арнайы әкеліп берген еді. Мазмұны ерекше оқулық тұғын. Енді міне оны қайта оқитын боламын».

Ал шара аясында сөреге 60 түрлі кітап қойылды. Оның ішінде балқаштық, қазақстандық авторлардан өзге шетелдік ғұламалардың туындыларын кездестіруге болады. Жанры түрлі. Талғамға қарай таңдау жетерлік.

Ғалым Кәукенов – қала тұрғыны: «Маған авторлары ұнайтын үш кітапты таңдап алдым. Мен олардың туындыларын сүйіп,қызыға оқимын.Ал мұндай акция жиі жасалып тұрады. Ылғи қатысуға тырысамын».

Ұйымдастырушылар кітап қоры үнемі жаңарып отырады дейді.Қала тұрғындары бұл жерден қалаған оқулықтарын алып оқи алады. Бірақ орнына өзі оқыған басқа кітапты әкеліп өткізуі тиіс.Ал мұндай кітап алмасу жобасы келер сейсенбіге дейін жалғасатын болады.

Жұлдыз Мұхамеджанова – кітапханашы:«Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханада жылына бірнеше рет ұйымдастырылатын акция «буккроссинг»яғни кітап алмасу.9 мен 16 қазан аралығында кітапты сыйға тартуға болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать