Балқашта ҰБТ-ғы өзгерістер жайында ата-аналар жиналысында айтылды

Биыл ҰБТ-дан өтпей қалғандар екінші рет қайта тапсыра алады. Осы және өзге де өзгерістер жайлы жалпы ұлттық ата-аналар жиналысында айтылды. Кеше Қазақстанның әрбір мектебінде оқушылардың ата-аналарымен кездесу өтті. Онда алдымен оқу орнының жетістігі жайлы және алдағы жоспарлар жайында айтылды. Мысалы №4 мектепте биыл өрт қауіпсіздігіне аса мән берілмек. Жазғы уақытта өрт дабыл жүйесі толығымен жаңартылып, төтенше оқиға кезінде қолданылатын қосымша есіктер ауыстырылады. Жиында директор мектептің әр бастамасына қолдау білдіріп, көмегін аямаған ата-аналарға алғыс хат табысталды.
Сондай-ақ  шара аясында емтихан, ҰБТ секілді ең өзекті тақырыптар сөз болды. Биыл 5 пен 7 сынып оқушылары сынақтан босатылады. Ал 6,8,10 — сыныптағылар 26 және 30 мамыр күндері қазақ, орыс тілінен, алгебрадан емтихан тапсырады. 9- сыныпты  бітіретіндер 4 сабақтан бірі таңдау бойынша өз білімдерін дәлелдейді. Енді ҰБТ-ға тоқталсақ, осы жылы Приозерск кенті мен Ақтоғай ауданының оқушыларын қосқанда Балқашта 361 түлек 20 — маусым мен 1- шілде аралығында басты сынақтан өтеді. Бұрынғыша- 5 пән, 120 сұрақ. Ең жоғары ұпай-140. Себебі кей сауалдарда бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін. Ал өтпей қалғандар былтырғыдай тек бір рет емес осы жылы 2 рет өз білімдерін қайта дәлелдеуге мүмкіндік алып отыр. Десе де, басты сынаққа дейін емтихан тапсырулары тиіс.

«11 сынып оқушылары алғашқы емтиханда өз тілдерінде эссе жазады. Ал екіншісінде бір күнде екі сынақтан өтеді. Ол тыңдалым және таңдаған пәндері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру. Үшіншісі алгебрадан жазбаша түрде. Соңғысы билет бойынша Қазақстан тарихынан тапсырады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать